САПАРОВА Назгүл Жайлаубековна » «Жалын» жалпы білім беру мектебі»
«Жалын» жалпы білім беру мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Рысқұлов көшесі, 25/1
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 455-44-89
Есепші бөлімі:
+7(705) 361-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » САПАРОВА Назгүл Жайлаубековна
18
тамыз
2023

САПАРОВА Назгүл Жайлаубековна

Өмірбаян

   Мен, Сапарова Назгуль Жайлаубековна, 1985 жылы 09 желтоқсанда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылында дүниеге келдім. 1993 жылы №23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепке бардым. 2003 жылы мектепті тәмамдап, 2004 жылы Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің «Филология» факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түстім. 2008 жылы оқу орнын қызыл дипломмен бітірдім. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап №31 Терешкова атындағы орта мектепте іс жүргізуші қызметін атқардым. 2011 жылдың наурыз айынан бастап №52 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі боп жұмыс жасадым. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін «Жалын» жалпы білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Сотталмағанмын.
     1981 жылы 25 наурызда дүниеге келген Жолдасов Серік Берданұлымен некелескенмін. Жолдасым Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Амангелді ауылында туылған. Мұғалім мамандығы бойынша жоғары білімі бар, «Шымкент цемент» зауытында инженер болып жұмыс істейді. Менімен бірге Шымкент қаласы Рысқұлов көшесі 58 үй 22-пәтерде тұрады. 6 баламыз бар.
Бердан Алдияр Серікұлы 2003 жылы 31 желтоқсанда туылған. Алматы қаласы КазНУ-де заңгер мамандығында оқиды. Бердан Бағлан Серікұлы 2006 жылы 11 наурызда туылған. Шымкент қаласы «Политех» колледжінде электрик мамандығында оқиды. Бердан Айзере Серікқызы 2013 жылы туылған. «Жалын» ЖББМ 5 сыныпта оқиды. Бердан Айғаным Серікқызы 2014 жылы туылған. «Жалын» ЖББМ 3 сыныпта оқиды. Бердан Нұргүл Серікқызы 2017 жылы туылған. Бердан Хансұлтан Серікұлы 2023 жылы туылған.
         Отбасында 7 жанбыз. Әкем, анам, екі әпкем, екі інім бар.
 Әкем: Сапаров Жайбаубек Барқытбекұлы 1958 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылында дүниеге келген. Орта техникалық білімі бар. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылы А.Байбосынұлы көшесі 27 үйде тұрады. Сотталмаған.
 Анам: Истамбекова Бибізәуре Әбілдақызы 1957 жылы 22 наурызда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Кітапханашы қызметін атқарған. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылы А.Байбосынұлы көшесі 27 үйде тұрады. Сотталмаған. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив