19
тамыз
2023
АБДРЕШОВА Меруерт Сайлауқызы

06.04.1976 жылы Түркістан ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1997-2002 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ Түрік университетінде оқыды. Диплом бойынша бітірген факультеті: филология. Мамандығы:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Еңбек өтілі: жоғары санатты зерттеуші. Педагогикалық өтілі: 19 жыл. Жалпы: 29 жыл. Көпшілікпен тіл табысып жұмыс жасайды, бойында мәдениеттілік, ілтипаттылық, инабаттылық, жауапкершілігі жоғары, 2004-2021 жылдарда Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды. Қазіргі таңда «Жалын» ЖББМ-де директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Сертификаттары:
2014 ж Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында екінші (негізгі ) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтағаны үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген 2017 ж «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады.
2018 ж «ҚР көптілді білім беру және білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.
2022 ж ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы оқу курсын аяқтады.
Республикалық, қалалық білім басқармасының, «Дарын» орталығының дипломдарымен марапатталған.