ИСАБЕКОВА Эльмира Шерімқызы » «Жалын» жалпы білім беру мектебі»
«Жалын» жалпы білім беру мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Рысқұлов көшесі, 25/1
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 455-44-89
Есепші бөлімі:
+7(705) 361-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ИСАБЕКОВА Эльмира Шерімқызы
19
тамыз
2023

ИСАБЕКОВА Эльмира Шерімқызы

Өмірбаян

    Исабекова  Эльмира   Шерімқызы  03.03.1975 жылы  ОҚО, Шымкент қаласында дүниеге келген.
 Мектепті 1990 жылы 8 сыныпты бітіріп, сол жылы Түркістан қаласы Ахмет Ияссауи  атындағы педагогикалық  училищесіне   оқуға түсті. Училищені 4 жыл оқып, 1994 жылы « Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шықты.
    2006 жылы Ақсукент қаласында ҚӨИГУ университетін сырттай  бітіріп, Шымкент қаласы № 81 бала-бақша мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарды.
    2010 жылдан бері №51 жалпы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.
    Исабекова Эльмира Шерімқызы - бастауыш сынып пәнінің оқытушысы. 
     Пәнді оқытуда өзіндік шығармашылық тәсілдері мен өмір талабына сай әдістерді қолдана біледі.
    Әкімшілік тарапынан оқу және тәрбие жүйесінде қол жеткізген жетістіктері үшін мақтау қағаздары мен алғыстарға ие болған. Мектепішілік және қалалық байқауларға қатысып, өзін жан- жақты танытып келеді. 
    2015 жылы Жаңа ұрпақты тәрбиелеуде 
қажырлы еңбек етіп, оқу-тәрбие жұмысында 
ерекше жетістіктерге жетіп, еліміздің болашағын ұлтжандылық  рұхта тәрбиелеуге қосқан ерен еңбегі мен шығармашылық шеберлігі үшін «Алғыс хатпен», 2010 – 2015 оқу жылында қалалық және кәсіподақ ұйымының, мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.
    2014-2015 жылдарында Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасына  қатысқаны үшін сертификат алды.  2014 жылы және 2015 жылы «Самұрық» байқауына оқушыларын қатыстырып, оқушылары сертификатпен марапатталды.
     Қазіргі таңда заман талабына сай жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, шәкірттерді оқытуда және тәрбие беруде жоғарғы көрсеткіштерге жетіп жүрген білікті маман 2015 жылы ҚББ кәсіподақ ұйымының мақтау қағазымен марапатталды.
    Исабекова Эльмира Шерімқызы осы қызмет атқарған жылдары өзін жоғары дәрежелі 
кәсіби маман ретінде көрсетіп келеді. Әріптестері арасында жоғары беделге ие. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив