14
тамыз
2023
АЛИБЕКОВА Гульнара

Педагог-психолог, әлеуметтік педагог.
Біліктілік санаты - педагог-зерттеуші.
Жалпы еңбек өтілі -39 жыл, педагог-психолог ретінде-30жыл,
Тұлғаның даралығын дамытуға қосқан үлесі мол, психологиялық біліктілігін дамытудағы қызмет жүйесі-диагностика, өзара қарым-қатынас, психологиялық сауаттылық, жеке кәсіптік салаларға бағытталған.
Тәжірибелік жұмыстары - 2005 ж «Қазақстан мектебі» журналында жарық көрді, «Мектеп психологы үшін әдістемелік құрал» кітапшасына пікір жазған, Республикалық «Ұстаз бен шәкірт» газетінің №3/10 санында «Қиын бала қайдан шығады?», «Стресстен қалай сақтануға болады?» атты мақалалары жарық көрді.
2003-2004жылдан бастап Қазақстан Психологтары Ұлттық Ассоциациясының практикалық тренингтеріне қатысып білімін көтерді.
1. Қазақстан Интенсивінің сертификаттары №400, №Ш-5021п.ғ.д.профессор С.М.Джакупов.
2. Қазақстан Психологтары Ұлттық Ассоциациясының сертификаттары №сп0117,
№ОМ 0133, п.ғ.д.профессор С.М.Джакупов.
3. Алматы НЛП орталығы сертификаты, Б.Құрманғалиев.
4. Жаңа технология және Актуалдық білім беру орталығы сертификаты №69.
Облыстық және қалалық семинарларда «Білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызмет стратегиясы және түрлі жастағы балалармен жұмыс технологиясы» тақырыбында тренинг жүргізіп мадақтамаға ие болды.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Оңтүстік Қазақстан Облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 25 желтоқсан-психологтар күніне орай шығармашыл және кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары педагог-психологтарды айқындау, оларға қолдау көрсетіп, ынталандыру мақсатында өткен
«Жылдың үздік педагог-психологтары номинациялары» байқауында «Тәжірибелі педагог-психолог» номинациясына ие болып, арнайы Дипломмен марапатталды.
2023 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен өткен «Білім берудің заманауи трендтері: Іс-әрекетке бағдарланған оқыту» тақырыбындағы қалалық семинарда психологиялық тренинг жүргізді. Қазіргі кезде, Қазақстан Психологтары Ұлттық Ассоциациясымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.